Джокович 15 жылдан кейін Федерерді жеңген турнирге қайта оралады
Үлкен дулыға турнирлерінің 24 дүркін жеңімпазы Новак Джокович 15 жылдық үзілістен кейін Швейцариядағы Базельде өтетін ATP 500 турниріне қайта оралады, деп хабарлайды Sports24.kz.
38 жастағы серб теннисшісі 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін Swiss Indoors Basel турнирін ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.
Джокович бұл жарысқа соңғы рет 2011 жылы қатысып, сол кезде жартылай финалға дейін жеткен.
Серб теннисшісі үшін 2009 жылғы турнирдің орны ерекше. Сол кезде ол финалда швейцариялық аңыз Роджер Федерерді жеңіп, чемпиондық атақты иеленді.
Бір жылдан кейін қарсыластар шешуші матчта қайта жолықты. Алайда бұл жолы жеңіс Федерердің еншісінде кетті.
Жалпы, Джокович Базельдегі жарысқа үш рет қатысқан. Оның қоржынында бір чемпиондық атақ, бір финал және бір жартылай финал бар.
Серб теннисшісінің оралуы маусымның шешуші кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бұл уақытта рейтингтік ұпайлар мен Туринде өтетін ATP қорытынды турниріне жолдама үшін тартыс жалғасып жатыр.
Джокович алғашқы айналымда француз теннисшісі Уго Умбермен кездеседі.
Еске сала кетейік, серб спортшысы мансабында Үлкен дулыға турнирлерінде 24 титул жеңіп алған және тарихтағы ең атақты теннисшілердің бірі саналады.