locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның бокс құрамасы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңіне аттанды

Қазақстан құрамасының боксшылары оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Жапонияға ұшып кетті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстанның бокс құрамасы Жапонияның Айти – Нагоя өңірінде өтетін XX жазғы Азия ойындарына дайындықтың соңғы кезеңіне аттанды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасының боксшылары Азия ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Жапонияға ұшып кетті. Қазақстан командасының көшбасшылары тиісті фотосуреттермен бөлісті.

Еске салайық, 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындары Жапониядағы 53 спорт нысанында өтеді. Жарыстар Айти мен Нагояда ғана емес, Токио, Осака қалаларында, сондай-ақ Сидзуока және Гифу префектураларында ұйымдастырылады. Ойындар бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілген. Оның аясында 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Турнир 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан атынан шамамен 560 спортшы қатысады деп күтілуде.

Бұған дейін Қазақстанның бокс құрамасы Азия ойындары-2026 жарысына қатысатын құрамын жариялаған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie