locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақ боксшылары World Boxing рейтингінде: Оралбай мен Қызайбай әлемнің үздіктері қатарында

World Boxing рейтингінде қазақстандықтар үздіктер қатарында
Қазақ боксшылары World Boxing рейтингінде: Оралбай мен Қызайбай әлемнің үздіктері қатарында
ФОТО: KBF

World Boxing ұйымы өз тарихындағы алғашқы әлемдік рейтингті жариялады. Бұл тізімге қазақстандық былғары қолғап шеберлері де еніп, ел абыройын биіктен көрсетті.

Ерлер арасында ең жоғары нәтижеге Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары) қол жеткізді - ол 2025 ұпаймен 4-орында. Сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Махмұд Сабырхан (55 кг) да үздік бестіктен орын алды.

Рейтингтің көшін өзбек боксшылары Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхужа Муйдинхужаев (65 кг) бастады - екеуінің де қоржынында 3000 ұпайдан бар. Үздік үштікті кубалық Эрисланди Альварес (65 кг, 2100 ұпай) түйіндейді.

Әйелдер арасында да Қазақстанның өкілі үздік төрттікте. Назым Қызайбай (51 кг) 1750 ұпаймен 4-орында тұр. Рейтингтің алғашқы үш сатысын польшалық Юлия Шеремета (57 кг, 2075 ұпай), түрік боксшысы Бусеназ Чакыроглу (51 кг, 1975 ұпай) және бразилиялық Ребека де Лима Сантос (60 кг, 1837,5 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айында Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымының аясында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie