Анна Данилина Испаниямен матч қорытындысын шығарды
Қазақстанның жұптық разрядтағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі ширек финалында Испаниядан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Еске салайық, кеше жұптық кездесуде қазақстандықтар Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормодан 2:6, 5:7 есебімен жеңіліп, осылайша Қазақстан құрамасына турнирдің жартылай финалына жолдама алып бере алмады.
«Матч өте қиын өтті, көптеген мүмкіндікті жіберіп алдық. Соңында осылай болғаны өкінішті. Біз турнирдің финалдық кезеңінде алғаш рет өнер көрсетіп отырған жоқпыз, бұл — тамаша нәтиже. Командамыз жақсы, мен оған сенемін», - деді Анна Данилина.
Енді Данилина Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Спортшының айтуынша, ол құрлықтағы басты додада жақсы нәтиже көрсетуге ниетті.
«Азия ойындарында соңғы рет 2018 жылы өнер көрсеткен едім, сондықтан қайта оралып, осындай маңызды додада Қазақстанның намысын қорғау қызықты болмақ. Матчтан матчқа қарай жылжитын боламыз, бірақ медаль жеңіп алғымыз келеді. Мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Құрама сапында ойнау өте толқынысты, сондықтан әрдайым бар күшімді салуға тырысамын», - деп қосты Анна Данилина.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Испаниямен матч қорытындысына пікір білдіріп, Елена Рыбакинаның халықаралық спорт аренасындағы соңғы жетістіктерінің маңыздылығын атап өткен еді.
Үйге арналған Beeline интернетін 24 сағатқа тиімді бағамен қосып, бірде-бір турнирді жіберіп алмаңыз.