locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алимханұлы Канелоға қатысты Кроуфордқа үн қатты

Алимханұлы америкалық боксшы Сауль Альвареспен ықтимал жекпе-жекті өз тізіміне қоспағанына назар аударды
ФОТО: соцсети Жанибека Алихманулы

Қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Алимханұлы үш салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордқа үн қатты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кроуфорд кәсіби бокста көргісі келетін ықтимал жекпе-жектердің тізімін жариялады. Оның қатарында Джервонта Дэвис – Шакур Стивенсон, Наоя Иноуэ – Джесси Родригес, Джарон Эннис – Вёрджил Ортис және Дэвид Бенавидес – Джей Опетая, Жәнібек – Эрнандес жекпе-жектері бар.

Алимханұлы америкалық боксшының бұл тізімге Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жегін қоспағанына назар аударып, оны тізімге енгізуді ұсынды:

«Бауырым, Жәнібек – Канело жекпе-жегі неге жоқ?».

Бұған дейін Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы WBO титулынан бас тартқаны белгілі болды. Ұлыбританиялық боксшы Алимханұлына қарсы жекпе-жекте белбеуін міндетті түрде қорғауға шықпады.

Еске салайық, WBO Шираздың суперорта салмақтағы әлем чемпионы титулынан өз еркімен бас тартқанын растады. WBO-ның әлем чемпионаты комитеті бұл дивизион бойынша шешімін дүйсенбі, 21 қыркүйекте шығарады.

Айта кетейік, Жәнібек екінші орта салмақтағы WBO титулына міндетті үміткер болып саналады. Бұған дейін қазақстандық боксшы орта салмақта өнер көрсетіп, екі чемпиондық белбеуге ие болған.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie