Зарина Дияс жаңартылған WTA рейтингінде бір саты жоғарылады
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) әлемнің үздік теннисшілерінің жаңартылған рейтингін жариялады.
Қазақстандық теннис көшбасшысы Елена Рыбакина әлемдік жеке рейтингте алтыншы орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева 29-орында қалды.
Жібек Құламбаева бір саты төмен түсіп, 315-орынды иеленді. Сонымен қатар, Зарина Дияс бір саты жоғарылап, 382-орынға көтерілді.
Әлемдік рейтингтің көшін белорус теннисшісі Арина Соболенко бастап тұр. Екінші орында – польшалық Ига Швёнтек, ал үшінші орында америкалық Коко Гауфф орналасқан.
Жұптық разрядта Қазақстанның үздік өкілі Анна Данилина 22-орында қалды. Жұптық рейтингтің көшбасшысы – чехиялық Катерина Синякова.
Шевченкодан сенсация: Қазақстан United Cup-2025 турнирін Грекияны жеңумен бастады.