Юлия Путинцева әлемдегі ең сымбатты теннисшілерді атады
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева қазіргі теннистегі ең сымбатты жігіттер туралы ойымен бөлісті.
30 жастағы теннисшіден ең тартымды үш спортшыны атау сұралды. Әуелде сәл абдырап қалғанымен, Юлия жүргізушілердің көмегімен сұраққа жауап берді.
“Музетти өте әдемі. Сосын… кім бар еді… Бәрі!” – деп бастады Путинцева YouTube-тағы BB Tennis арнасындағы эфирде.
Жүргізуші Путинцеваға таңдау жасауға көмектесу үшін әртүрлі теннисшілердің есімдерін атады.
“Дрейпер, Томми Пол, Фриц – сымбатты деп айта алмаймын, бірақ болады. Димитров – иә, Димитров жаман емес. Коккинакис, Синнер, Алькарас – жоқ. Бірақ, Алькарас 10 жылдан кейін жақсырақ болады деп ойлаймын. Андрей Рублев – сүйкімді, сондай керемет жігіт”, – деді Юлия.
Айта кетейік, биылғы маусымда Путинцева әлемдік рейтингте рекордтық 23-орынға көтерілді. Сонымен қатар, Australian Open жарысынан кейін Юлия алғаш рет әлемнің үздік 20 теннисшісі қатарына кіруі мүмкін. Спортшының жеке өмірі туралы ақпарат аз, өйткені ол бұл тақырыпты құпия ұстайды. Ашық дереккөздерде Путинцева туралы некеде екені немесе сүйіктісі бар екені жайлы мәлімет жоқ.