locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты

Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы жұптық турнирдің ширек финалына жолдама алды. Оның серіктесі, чехиялық Линда Носковамен бірге өнер көрсеткен жұбы екінші айналымда канадалық Габриэла Дабровски мен жаңа зеландиялық Эрин Рутлифф дуэтін тізе бүктірді.

WTA Дубай, 1/8 финал, жұптық сын
Юлия Путинцева / Линда Носкова – Габриэла Дабровски / Эрин Рутлифф – 4:6, 6:3, 10:2.

Тартысты өткен кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.

Қазіргі таңда WTA жұптық рейтингінде Путинцева 105-орында, ал оның серіктесі Носкова 91-сатыда тұр. Айта кетейік, осы турнирдің жекелей сынында Путинцева бірінші айналымда дәл осы Носковадан жеңіліп қалған болатын. Қазір ол WTA рейтингінде 23-орынға жайғасқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie