locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева WTA рейтингінде үздік 20-дан шығып қалды

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Юлия Путинцева WTA рейтингінде үздік 20-дан шығып қалды
Фото: gettyimages

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 20-шы орыннан 23-ші орынға түсті.

30 жастағы спортшы өткен аптада Доха мен Дубайда өткен турнирлерде өнер көрсетті.

Катарда Путинцева бірінші айналымда жапондық Моюка Утижиманы жеңді (6:2, 6:7 (5:7), 6:3), екінші айналымда чехиялық Линда Носковаға жол берді (2:6, 3:6).

БАӘ-де қазақстандық бірінші айналымда тағы да Носковадан жеңіліп қалды (2:6, 6:7 (5:7).

Путинцева соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліп, Абу-Дабиде өткен турнирде және Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымынан кері қайтты.

Бүгін Юлия Путинцева Носковамен бірге Дубайдағы турнирден жұптық сын бойынша алғашқы кездесуін өткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie