locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Юлия Путинцева бір айдан кейін алғашқы жеңісіне жетті

Көптен күткен камбэк
Теннис
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 63-ракеткасы) сәтсіздіктер сериясын үзіп, Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирде сәтті бастады.

Бірінші айналымда Қазақстанның екінші ракеткасы рейтингте 101-орында тұрған франциялық Диан Парримен кездескен еді. Тартысты матч 2 сағат 19 минутқа созылып, Юлия 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева кездесуді сенімді бастап, алғашқы сетте оңай басымдық танытса, екінші сетте 3:1 есебімен алға шықты. Алайда кейін ойын қарқыны бәсеңдеп, қатарынан төрт гейм ұтылып, сет тай-брейкте қарсыласына берілді. Шешуші партияда қазақстандық теннисші қайтадан тізгінді қолға алып, матчта тоғыз брейк жасап, ақырғы жеңісін тіркеді.

Сучжоу. Хард. Бірінші айналым

Путинцева (Қазақстан, 63) - Парри (Франция, 101) - 6:1, 6:7, 6:1

Бұл жеңіс Юлия үшін 25 тамыздан бері алғашқысы болды – сол күні ол US Open-2025 турнирінде жеңіске жеткен еді. Сол жетістіктен кейін спортшы қатарынан үш матчта жеңіліп, оның ішінде Қазақстан құрамасының сапында Billie Jean King Cup додасында да сәтсіздікке ұшырады.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге беделді WTA 1000 санатындағы Бейжіңдегі турнирді сенімді бастады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie