locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мықты бастама: Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде 1/8 финалға жолдама алды

Данилина Пекиндегі жарысты жеңіспен бастады
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мықты бастама: Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде 1/8 финалға жолдама алды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге WTA 1000 санатындағы беделді турнирді сәтті бастады. Алғашқы айналымда олар польшалық Магда Линетт пен даттық Клара Таусоннан құралған жұпқа қарсы шығып, қарсыластарына еш мүмкіндік бермей екі сетте жеңіске жетті.

Ойын 1 сағат 12 минутқа созылып, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. Енді 1/8 финалда Данилина мен Круничті мықты сынақ күтіп тұр / олар америкалық Николь Меликар-Мартинес пен ресейлік Людмила Самсоноваға қарсы өнер көрсетеді.

WTA 1000. Пекин. Жұптық санат. 1-ші айналым
Анна Данилина (Қазақстан) / Александра Крунич (Сербия) — Магда Линетт (Польша) / Клара Таусон (Дания) — 6:4, 6:2

Өкінішке қарай, басқа қазақстандық теннисшілер үшін бұл турнир сәтсіз өтті. Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымнан кейін аяқтаса, Елена Рыбакина екінші айналымда германиялық Ева Лиске есе жіберді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie