Янник Синнер әлем теннисінің тарихына енді


Италиялық теннисші Янник Синнер ATP рейтингінің тарихында (1973 жылдан бері) әлемнің бірінші ракеткасы ретінде небәрі 53 матчта 50 жеңіске жеткен алғашқы спортшы атанды. Бұл жетістікке ол Римдегі «Мастерс» турнирінің төртінші кезеңінде аргентиналық Франсиско Серундолоны 7:6 (7:2), 6:3 есебімен ұтып, қол жеткізді.
Осылайша, Синнер аңызға айналған теннисшілер — швед Бьорн Борг пен америкалық Джимми Коннорстың рекордын қайталады. Үшеуі де №1 ракетка статусында 50 жеңіске 53 матчта жеткен. Олар кәсіби теннис тарихындағы ең жылдам нәтиже көрсеткен теннисшілер тізімін бастап тұр.
Одан кейінгі орындарда Роджер Федерер (54 матч) мен Рафаэль Надаль (56 матч) орналасқан.
Медведев Римдегі турнирден ұтылған соң: Спортта әрқашан мықты жеңе бермейді.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16