Медведев Римдегі турнирден ұтылған соң: Спортта әрқашан мықты жеңе бермейді


Ресейлік теннисші Даниил Медведев Римдегі ATP Masters 1000 турнирінің 1/8 финалында Лоренцо Музеттиден жеңілген соң матч барысын және ауа райының әсерін түсіндіріп өтті. Ойын 5:7, 4:6 есебімен аяқталып, Медведев жарыстан шығып қалды.
«Шын мәнінде, жаңбыр 15:15 есебінде-ақ басталды. Қарсылас матчты тоқтатқысы келгендей болды, бірақ мен тәуекелге баруды жөн көрдім. 30:30 кезінде өте маңызды ұпайдан айырылдым. Бұл матч өте тартысты өтті, өзімді жақсырақ ойнадым деп есептеймін. Бірақ спортта, әсіресе теннисте, әрдайым ең мықты жеңе бермейді. Ең өкініштісі – жаңбырдан кейінгі үзіліс. Қайта оралуға сеніп едің, бірақ сол бір сәт шешуші болып шықты. Егер бірден жеңілген болсам, бәлкім, мұнша өкінбес едім», – деді Медведев «Больше!» эфирінде.
Бублик Туриндегі челленджер турнирінде италиялық теннисшіні жеңді.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16