Янник Синнер Германиядағы турнирдегі өнеріне баға берді: Жалпы алғанда, жаман емес
Әлемнің бірінші ракеткасы Бубликке жеңілсе де, көңіл-күйін сақтап қалды
Теннис
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер Галле қаласында өткен шөп жамылғысындағы ATP-500 турниріндегі өнеріне байланысты пікір білдірді. Бұл турнир ол үшін «Ролан Гаррос»–2025 финалынан кейінгі алғашқы бәсеке болды.
«Париждегі жеңілістен кейін қайтадан жарысқа оралу оңай болған жоқ. Дегенмен, Уимблдонға дейін шөпте екі матч өткізе алғаныма жалпы алғанда ризамын», – деді Синнер португалиялық журналист Жозе Моргадуға берген пікірінде.
Еске салайық, 19 маусым күні өткен екінші айналымда Синнер 45-ракетка қазақстандық Александр Бубликке сенсациялық түрде есе жіберді – 6:3, 3:6, 4:6. Бұл – Синнердің Бубликке алғашқы ресми жеңілісі.
Синнер рекорды туралы: Мен өз тарихымды жазып келемін.