Синнер рекорды туралы: Мен өз тарихымды жазып келемін
Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер ATP рейтингінде қатарынан 52 апта бойы бірінші орында тұрып, ашық дәуірдегі тарихқа енгенін айтып, бұл жетістігіне қатысты әсерімен бөлісті. Бұл – ATP рейтинг жүйесі алғаш жарияланған 1973 жылдан бері тіркелген сирек нәтиже.
«Осындай ұлы есімдердің қатарына енгенім – мен үшін үлкен құрмет. Мен өз тарихымды өзім жазып келемін. Әрине, керемет компанияның бір бөлігі болу – үлкен мәртебе, және мен әрқашан айтатыным – өмірімде мұндай деңгейге жетемін деп ешқашан ойламағанмын. Қазір осында жүргенім ғажап, өз әлеуетімді білемін және өте жақсы ойнасам, оны жүзеге асыра алатыныма сенемін. Көп нәрсе өзгерді, бірақ осындай есімдердің арасында болу – таңғажайып.
Рейтингке қатты мән бермеймін, өйткені бірінші, екінші не үшінші орын – бұл жылдар бойы атқарылған еңбектің нәтижесі. Сен өте тұрақты болуың керек, ал менің нәтижелерім өткен жылдан бері бүгінге дейін керемет болды, сондықтан бұл бағытта әрі қарай да жылжи бермекпіз. Екінші жағынан, мен үшін ең маңыздысы – ойыншы ретінде жетілу. Өткен жылдан бері айтарлықтай алға жылжыдым деп ойлаймын. Өз ойынымның жақсарғанын сезіп жүрмін, бұл мен үшін бәрінен де маңызды», – деп келтіреді Синнердің сөзін ATP-ның ресми сайты.
Итальяндық теннисші өз есімін тарихқа алтын әріппен жазуды жалғастырып, көшбасшылықты тек нәтижемен емес, нағыз спортшының көзқарасымен дәлелдеп келеді.
Елена Рыбакина туған күнімен құттықтағандарға алғыс айтты