locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» Сатпаевтың жұмыстан босатылған жаттықтырушысының орнына жаңа үміткерлерді тапты

Хайен кеткеннен кейін оның көмекшілері Йохан ван Румст пен Маттиас Бернарт та командадан кетті
Футбол
ФОТО: Getty Images

Англиялық «Бернли» бельгиялық маман Ники Хайен жұмыстан босатылғаннан кейін бас бапкер лауазымына бірнеше үміткерді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы Burnley Express жазды.

Хайен командадан сенбі, 24 қазанда, «Линкольн Ситиге» 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін кетті. Чемпионшиптегі 12 турдан соң «Бернли» небәрі бір жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі төмендеу аймағында тұр.

Журналист Алан Никсонның мәліметінше, клуб басқа командамен қолданыстағы келісімшарты бар жаттықтырушыны шақыру үшін өтемақы төлеуге ниетті емес.

Үміткерлердің бірі ретінде бұған дейін «Вулверхэмптон», «Лутон Таун», «Уотфорд» және «Форест Грин Роверс» командаларын жаттықтырған Роб Эдвардс аталып отыр. Сонымен қатар маманның жазда «Бернлиді» басқару мүмкіндігінен бас тартқаны хабарланды.

talkSPORT мәліметінше, үміткерлер қатарында «Рейнджерстің» бұрынғы шабуылшысы, қазіргі таңда Израильдің Тель-Авив қаласындағы «Маккаби» клубын жаттықтырып жүрген Кенни Миллер де бар.

Тағы бір ықтимал кандидат — бұған дейін «Вест Бромвич» пен «Валенсияда» жұмыс істеген Карлос Корберан. Испаниялық маман қыркүйекте Валенсиялық клубтан кеткеннен бері командасыз жүр.

Вакантты қызметпен байланыстырылып отырған басқа мамандар қатарында Стивен Джеррард, Дэйв Чаллинора, Стив Купер, Шон Дайч және Крэйг Беллами бар. Басылымның мәліметінше, соңғысы жазда «Бернлидің» ұсынысынан бас тартқан.

Хайен кеткеннен кейін оның көмекшілері Йохан ван Румст пен Маттиас Бернарт та командадан кетті.

«Бернлиді» алдағы матчтарда кім басқаратыны әзірге белгісіз. Нұсқалардың бірі ретінде бұған дейін Шон Дайч пен Скотт Паркер кеткеннен кейін команданы уақытша екі рет басқарған Майк Джексонның кандидатурасы аталып отыр. Алайда бұл шешім жанкүйерлердің наразылығын тудыруы мүмкін.

Балама нұсқа клубтың жаттықтырушылар штабына кіретін Джек Корк болуы ықтимал. Сондай-ақ бұған дейін «Флитвуд Таунда» жұмыс істеген, 21 жасқа дейінгі жастар командасының жаттықтырушысы Чарли Адамды шақыру мүмкіндігі де қарастырылуда.

Еске салайық, «Бернли» сапында Лондонның «Челси» клубына тиесілі қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев жалға ойнап жүр.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie