«WORLD NO.1»: «Барыс» Рыбакинаны құттықтады
Астаналық «Барыс» Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sports24.kz. Қазақстан хоккейінің флагманы Рыбакинаның тарихи жетістігін назардан тыс қалдырмады.
«WORLD NO.1.
Елена Рыбакинаны әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілуімен байланысты тарихи жетістігімен құттықтаймыз! Бұл — жаңа маңызды белес және бүкіл Қазақстан үшін зор мақтаныш!», — делінген «Барыс» клубының мәлімдемесінде.
Еске салайық, қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін мансабында алғаш рет WTA рейтингін бастап, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты.
АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында Рыбакина америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Қазақстандық теннисші үшін бұл Нью-Йорктегі турнирдің жартылай финалына мансабында алғаш рет шығуы болмақ.
Чжэн Циньвэньмен кездесуге дейін Рыбакина US Open турнирінде WTA рейтингінде 585-орында тұрған Тея Фродинді, Джессика Бусас Манейроны (105-орын), Юлия Стародубцеваны (58-орын) және Наоми Осаканы (13-орын) кезек-кезегімен жеңді.