locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Рыбакина Боуас Манейроны US Open турнирінде қалай жеңді

Қазақстанның бірінші ракеткасының матчының хайлайтын назарларыңызға ұсынамыз
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы жылдың қорытынды турнирі – АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы екінші айналымда әлемнің 105-ракеткасы, испаниялық теннисші Джессика Боуас Манейромен кездесті.

Кездесу екі сетке ғана созылып, Рыбакинаның 6:2, 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы жеті эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

US Open турнирінің үшінші айналымында Елена әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен кездеседі.

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атана ма?

US Open қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның мансабында алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтеріліп, Арина Соболенконы басып озуға мүмкіндігі бар.

Ол үшін қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шығуы қажет. Сондай-ақ Рыбакина Соболенко, америкалық Коко Гауфф және Джессика Пегула US Open турнирінде жеңіске жетпеген жағдайда да әлемнің бірінші ракеткасы атана алады.

Осылайша Рыбакина турнирде бірде-бір матч өткізбестен-ақ әлемдік рейтингті басқаруы мүмкін деген сценарий бар.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie