Видео. Елена Рыбакина US Open-2026 кубогын төбесіне көтерді
Елена Рыбакина US Open-2026 финалында Арина Соболенконы жеңгеннен кейін турнирдің басты трофейін алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші кездесуде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.
Матчтан кейін марапаттау рәсімі өтіп, Рыбакинаға чемпиондық кубок табысталды. Елена Нью-Йорк трибуналарының қошеметімен трофейді төбесіне көтерді.
Бұл Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы. Бұған дейін ол Уимблдон-2022 және Australian Open-2026 жарыстарында топ жарған.
Осылайша, қазақстандық теннисшінің коллекциясында төрт мэйджордың үшеуінің трофейі бар - Уимблдон, Australian Open және US Open. Мансаптық «Үлкен дулығаны» толық жинау үшін Еленаға енді тек «Ролан Гаррос» титулы жетіспейді.
Сонымен қатар US Open аяқталғаннан кейін Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің көшіне шығып, жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы атанған Қазақстанның алғашқы өкілі болады.