locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Турнирдегі соңғы үміт! Омарханов жасөспірімдер Уимблдонының жартылай финалына өтті

Әмір Омарханов - жасөспірімдер Уимблдонының жартылай финалында
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Турнирдегі соңғы үміт! Омарханов жасөспірімдер Уимблдонының жартылай финалына өтті
ФОТО: KTF

Қазақстандық 17 жастағы теннисші Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің жасөспірімдер санатында керемет өнер көрсетуді жалғастыруда. Жұптық сында ол ресейлік әріптесі, 18 жастағы Егор Плешивцевпен бірге жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Оңтүстік Африка өкілі Коннор Дойг пен үндістандық Крииш Тияги жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Ойын аса тартысты өтті, әсіресе екінші сетте тағдыр тай-брейкте шешілді. Дегенмен, Омарханов пен Плешивцев суыққандығын көрсетіп, сенімді ойынмен жеңісті жұлып алды.

Wimbledon Juniors 2025. Жұптық сайыс. Ширек финал
Әмір Омарханов (Қазақстан) / Егор Плешивцев (Ресей) - Коннор Дойг (ОАР) / Крииш Тияги (Үндістан) - 6:4, 7:6(5)

Жартылай финалдағы қарсыластар сәл кейінірек белгілі болады.

Осылайша, Әмір Омарханов - жасөспірімдер Уимблдонының турнирлік кестесінде қалған жалғыз қазақстандық ойыншы. Бұған дейін ол жекелей сында жарысты аяқтаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie