Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турниріндегі өнерін аяқтады
Биылғы жастар арасындағы Уимблдон турнирінде Қазақстан атынан қатысқан екі жас теннисші - Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады. Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы беделді бәсекеде қарсыластарына есе жіберген олар турнирден ерте шығып қалды.
ATP-дің жасөспірімдер рейтингінде 909-орында тұрған 17 жастағы Әмір Омарханов бірінші кезеңде украиналық Никита Билозерцевпен (1519-орын) кездесті. Жасы кіші болғанына қарамастан, Билозерцев сенімді ойнап, екі сетте жеңіске жетті – 6:4, 6:2.
Ал бұл деңгейдегі алғашқы жарысына қатысқан Заңғар Нұрланұлы дебюті де сәтсіз өтті. ATP рейтингінде тіркелмеген жас теннисші америкалық Дэвид Джонстонмен (1506-орын) кездесіп, 2:6, 4:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.
Wimbledon-2025. Жастар. Шөп. 1-айналым
Никита Билозерцев (Украина) – Әмір Омарханов (Қазақстан) – 6:4, 6:2
Wimbledon-2025. Жастар. Шөп. 1-айналым
Дэвид Джонстон (АҚШ) – Заңғар Нұрланұлы (Қазақстан) – 6:2, 6:4
Осылайша, Уимблдон-2025 турнирінде Қазақстанның бірде-бір өкілі қалмады – ни жасөспірімдер арасында, ни ересектер санатында. Бұған дейін жарысты Александр Бублик, Бейбіт Жұқаев және Александр Шевченко да аяқтаған болатын.