Сучжоуда матч өтпей қалды: Юлия Путинцева кортқа шықпады
Қазақстандық теннисші неміс қарсыласына қарсы ойынға шыққан жоқ
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қытайдың Сучжоу қаласында WTA 125 санатындағы турнирдің ширек финалдық кездесуі өтпей қалды.
Әлемдік рейтингте 63-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева №44 орында тұрған неміс теннисшісі Татьяна Мариямен ойнауға кортқа шықпады.
Осылайша, Мария ойын өткізбестен жартылай финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы Швейцария өкілі Виктория Голубич пен Филиппин спортшысы Александра Эала арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.
Бірінші айналымда Қазақстанның екінші ракеткасы рейтингте 101-орында тұрған франциялық Диан Парримен кездескен еді. Тартысты матч 2 сағат 19 минутқа созылып, Юлия 6:1, 6:7, 6:1 есебімен жеңіске жетті.