locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакинаның Бейжіңдегі турнирдегі ықтимал қарсыластары анықталды

Бейжіңдегі WTA 1000 турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді
ФОТО: Getty Images

Қытайдың Бейжің қаласында өтетін WTA 1000 турнирінің негізгі сеткасына жеребе тартылды. Оған әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші нөмірлі жеребе алған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда ойнамайды. Екінші айналымда Рыбакина украиналық Юлия Стародубцева (әлемнің 45-ракеткасы) мен армениялық Алина Чараева (118-орын) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Жеребедегі нөмірлеріне қарай Рыбакинаның ықтимал қарсыластары мынадай:

2-айналым: Юлия Стародубцева (Украина) / Алина Чараева (Армения);

3-айналым: Ван Синьюй (Қытай);

4-айналым: Анна Калинская (Ресей);

Ширек финал: Элина Свитолина (Украина);

Жартылай финал: Коко Гауфф (АҚШ);

Финал: Арина Соболенко (Беларусь).

Айта кетейік, WTA 1000 China Open турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Бейжіңдегі жарыстың жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie