Сәл ғана жетпей қалды: Скатов Германиядағы турнирде тартысты матчта жеңіліп, жарысты аяқтады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Хаген қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің ширек финалына жолдама ала алмады. Ол 1/8 финалдық кезеңде Германия өкілі Янник Ханфманнға тартысты бәсекеде есе жіберді.
Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылып, өте тең жағдайда өтті. Скатов алғашқы сетте 6:3 есебімен жеңіске жетіп, ойынды сенімді бастады. Алайда екінші партияда Ханфманн қарқынын үдете түсіп, 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Үшінші сет тағдырын тай-брейк шешіп, онда неміс теннисшісі аз ғана басымдықпен жеңіске жетті - 7:6.
ATP Challenger Хаген. Хард. 1/8 финал
Тимофей Скатов (Қазақстан) – Янник Ханфманн (Германия) – 6:3, 4:6, 6:7
Айта кетейік, бұл турнир Скатовтың ойын формасына қайта ену жолындағы маңызды кезеңдерінің бірі болды. Ол алғашқы айналымда болгариялық Александр Донскиді сенімді түрде жеңіп, жақсы қарқын көрсеткен еді.