locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады: Скатов Хагендегі алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

Қазақстандық теннисші Германиядағы «Челленджерде» келесі кезеңге өтті
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады: Скатов Хагендегі алғашқы айналымнан сүрінбей өтті
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Хаген қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирін сәтті бастады. 24 жастағы спортшы бірінші айналымда болгариялық Александр Донскиді еш мүмкіндік қалдырмай, екі сетте жеңіп шықты - 6:1, 6:3.

Кездесу небәрі 1 сағат 9 минутқа созылды. Скатов матч бойы өз ойынын сенімді түрде жүргізіп, қарсыласына еш қарсылық көрсетуге мүмкіндік бермеді. Ол агрессивті әрі жинақы әрекет етіп, бастаманы толық өз қолына алды.

ATP Challenger Хаген (Германия). 1-ші айналым

Тимофей Скатов (Қазақстан) – Александр Донски (Болгария) – 6:1, 6:3

Екінші айналымда Скатов жергілікті жанкүйерлердің қолдауына ие болатын Германия өкілі Янник Ханфманмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Тимофей ATP 250 санатындағы Бостад турнирінің негізгі кезеңіне өте алмай, іріктеу кезеңінде итальяндық Андреа Пеллегриноға жол берген еді. Алайда Хагенде ол сәтсіздіктің орнын толтырып, жарысты сәтті жалғастыруға зор мүмкіндік алып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie