Синнер Бубликке есе жіберген соң: Мүмкіндіктер болды, бірақ мен оларды пайдалана алмадым
Үш дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы Янник Синнер Германияның Галле қаласындағы ATP-500 шөп жамылғы турнирінің екінші айналымында қазақстандық Александр Бубликке (6:3, 3:6, 4:6) жол берген соң пікір білдірді.
«Біз тең деңгейде ойнадық, менде мүмкіндіктер болды, бірақ оларды пайдалана алмадым. Мұны қабылдау керек. Уимблдон алдында бірнеше күн демалған жөн, содан кейін дайындыққа бір апта бар. Қазір аздаған үзіліс мен үшін пайдалы болады.
Бірінші сетте жақсы теннис көрсеттім, екінші сетте де мүмкіндіктер болды, көп брейк-пойнт жасадым, бірақ Бублик әрдайым жақсы доп соқты. Ол брейк жасаған геймде өте мықты ойнады. Шөпте брейк жасау үшін бір ғана сәт жеткілікті», — деп келтіреді Синнердің сөзін Sky Sport Italia.
Александр Бублик 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, үшінші айналымға жолдама алды.
Александр Бублик – Янник Синнер. Әлемнің бірінші ракеткасының үстемдігін тоқтатқан сәт. Матчқа бейнешолу.