Александр Бублик – Янник Синнер. Әлемнің бірінші ракеткасының үстемдігін тоқтатқан сәт. Матчқа бейнешолу
Галледегі сенсациялық матчқа бейнешолу
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы беделді турнирдің үшінші кезеңіне сенімді түрде жолдама алды. Ол екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді үш сетте тізе бүктірді – 2-1. Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды.
Матч барысында Бублик 14 эйс орындап, 9 брейк-пойнттың сегізін сәтті қайтарды. Ол тек сенімді ойын көрсетіп қана қоймай, Синнерден көбірек виннер де жасады – 36-ға қарсы 30. Шешуші сетте Александр жалғыз брейкті жүзеге асырып, артынша өз геймдерін мінсіз өткізді.
Үшінші айналымда Александр Бублик чехиялық Томаш Махачпен жолығады. Ол турнирдің жетінші нөмірлі ойыншысы.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.