Симона Халеп қоштасу матчын қайда өткізетіні белгілі болды
Экс-дүниежүзілік бірінші ракетка Румынияда қоштасады
Теннис
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: Getty Images
Әйгілі румыниялық теннисші, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп 2026 жылы қоштасу матчына қатысатынын жариялады.
Кездесу 2026 жылдың 16 маусымында Халептің отанында – Клуж-Напока қаласында өтетін жыл сайынғы спорт фестивалі аясында ұйымдастырылады. Қарсыласы мен матч форматы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Симона кәсіби мансабын 2025 жылы Клуж-Напокада өткен WTA-250 турнирінің бірінші айналымында Лючия Бронцеттиден (Италия) 1:6, 1:6 есебімен жеңіліп, аяқтаған болатын.
Халеп мансабында 24 рет WTA турнирінің жекелей сында жеңімпаз атанып, екі «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алды – 2018 жылы Ролан Гарросты, ал 2019 жылы Уимблдонды ұтты.
Александр Бублик корттағы өз мінез-құлқы туралы пікір білдірді.