locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Бублик корттағы өз мінез-құлқы туралы пікір білдірді

«Өзгерісті сезіне қоймадым». Бублик өз ойыны жайлы
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 2025 жылғы маусымдағы өз ойыны мен мінез-құлқы туралы пікір білдірді. Ол жанкүйерлердің пікірімен келісе бермейтінін айтты.

«Шын айтсам, биыл сабырлырақ болдым деп айта алмаймын. Бірақ егер менің матчтарымды қарап жүрген адамдар мені байсалдырақ бола түсті деп ойласа – бұл тамаша. Дегенмен, өзім ондай өзгерісті сезіне қоймадым. Дегенмен сырттай қарағанда солай көрінгені — мен үшін жағымды», — деді Бублик Тengri Sport басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 16 маусым күні Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы айналымда ол әлемдік рейтингте 40-орында тұрған француз теннисшісі Александр Мюллерді сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie