Шевченко Циципасқа қарсы сенсациялық жеңістен кейін мәлімдеме жасады
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко United Cup турниріндегі Стефан Циципасқа қарсы жеңісінен кейін өткен сұхбатында матчтың қорытындысын шығарды:
"Әрине, мен өте қуаныштымын. Циципас – әлемнің ең үздік ойыншыларының бірі, және бүгін оның үстінен жеңіске жету мен үшін үлкен жеңіс болып табылады. Бүгін менің бекхендім өте жақсы жұмыс істеді. Мен осы жердегі United Cup турнирінде ойнауды қатты қаладым, мұнда өте жақсы атмосфера мен керемет қолдау бар. Сонымен қатар, менің өте күшті серіктесім Елена Рыбакина бар",- деп жеткізді sport+ спортшының сөзін
Екінші матчта Қазақстанның Елена Рыбакинасы мен грек спортшысы Мария Саккари арасындағы кездесу күтілуде. Миксте ойынында Шевченко мен Рыбакина, Циципас пен Саккари жұптары қатысады.
Елена Рыбакина жаңа маусымның басталуы кейін өз рейтингтегі орнын білді.