locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шанхай Masters турнирінің трофейін Бублик «теннисші емес» деген спортшы жеңіп алды

Бублик жарыстан ұшырған теннисші күздің беделді турнирінде жеңіске жетті
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Шанхай Masters турнирінің трофейін Бублик «теннисші емес» деген спортшы жеңіп алды
Шанхай Masters турнирінің трофейін Бублик «теннисші емес» деген спортшы жеңіп алды

ATP Masters 1000 турнирінің финалы әлемдік теннис тарихына енді. Шанхайдағы шешуші кездесуде Монако өкілі, 26 жастағы Валентин Вашеро француз теннисшісі Артюр Риндеркнешті сенсациялық түрде жеңіп, «мыңдық» деңгейіндегі турнирдің ең төмен рейтингтегі чемпионы атанды.

Финалдық матч 2 сағат 11 минутқа созылып, көрермендерге нағыз тартысты драма сыйлады. Алғашқы сетте жеңіліп қалған монегаск екінші партиядан бастап ойынның бағытын түбегейлі өзгертіп, жеңісті жұлып алды.

ATP Masters 1000 (Шанхай, Қытай), финал
Валентин Вашеро (Монако, 204) — Артюр Риндеркнеш (Франция, 54) — 4:6, 6:3, 6:3

Таңғаларлығы - дәл осы монегаск бұған дейін турнирдің екінші айналымында Александр Бубликті жарыстан шығарған болатын. Қазақстандық теннисші сол кездесуде 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберіп, матчтан кейін қарсыласы жайлы эмоциялық пікір білдірген еді.

«Ол неге кәдімгі теннисші сияқты ойнайды? Сендер менімен қалжыңдап тұрсыңдар ма?» - деген болатын Бублик.

Енді сол «теннисші» деп аталған Вашеро әлемді таң қалдырды - ол күздің ең ірі турнирінде жеңіске жетіп, ATP Masters 1000 тарихындағы ең төмен рейтингтегі чемпион атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie