Бублик әлемнің 202-ракеткасына күтпеген жерден есе жіберіп, Шанхай «Мастерсінен» шығып қалды
Турнирдегі сәтсіз бастама
Теннис
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Әлемнің 16-ракеткасы Александр Бублик Шанхайдағы (Қытай) «Мастерс» турнирінде сәтсіз бастады.
Екінші айналымда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 202-орында тұрған Монако өкілі Валантен Вашеродан жеңіліп қалды.
Бублик бірінші сетте қарсыласынан басым түсті (6:3), алайда келесі екі сетте ұтылып, матчты 3:6, 4:6 есебімен аяқтады. Қарсыластар кортта 1 сағат 51 минут өткізді.
Келесі айналымда Вашеро Чехия өкілі Томаш Махачқа қарсы ойнайды.
Қыркүйек айының соңында Александр ATP-500 санатындағы Бейжің турнирінің алғашқы айналымынан өте алмай, күтпеген жерден франциялық Адриан Маннариноға жол берген болатын.
ATP-1000 Шанхай, 2-ші айналым
Александр Бублик (Қазақстан) – Валантен Вашеро (Монако) – 1:2 (6:3, 3:6, 4:6)