locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсация! Рыбакинаны жеңген Мэдисон Киз Australian Open-2025 жеңімпазы атанды

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Сенсация. Рыбакинаны жеңген Мэдисон Киз Australian Open-2025 жеңімпазы атанды
Фото: gettyimages

Америкалық теннисші Мэдисон Киз Australian Open-2025 турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездескен Мэдисон Киз үш сет қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 4 минутқа созылды.

Australian Open-2025,әйелдер

Мэдисон Киз (АҚШ)— Арина Соболенко (Беларусь) — 6:3, 2:6, 7:5.

29 жастағы америкалық мансабында алғаш рет "Үлкен дулыға" турнирінде жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалында Мэдисон Кизден жеңілген болатын. 1 сағат 50 минутқа созылған матч 1:2 есебімен аяқталған еді.

Вакана Сонобэ Australian Open 2025 жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы атанды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie