Елена Рыбакина Australian Open турнирінің 1/8 финалында өнерін аяқтады
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) 2025 жылғы Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалында өнерін аяқтады.
Рыбакинаның қарсыласы америкалық теннисші, әлемдік рейтингтің 14-ші сатысындағы Мэдисон Киз болды. Бірінші сет Киздің пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Алайда екінші партияда Елена басымдық танытып, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Шешуші үшінші сетте Киз қайтадан күшті болып, матчты 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ойын 1 сағат 48 минутқа созылды.
Осылайша, Мэдисон Киз ширек финалға шығып, украиналық теннисші Элина Свитолинамен (27-орын) кездесетін болды.