locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сенсация. Рыбакина әлемдік теннис тарихындағы рекордтық жүлде ақшасын иеленді

Елена Соболенко мен Синнердің табысын басып озды
Теннис
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Сенсация. Елена Рыбакина әлемдік теннис тарихындағы рекордтық жүлде ақшасын иеленді
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Аринa Соболенконы жеңді және Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA 2025 маусымының қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістікпен қатар, Елена әлемдік теннис тарихындағы рекордтық жүлде қорын еншіледі.

Қазақстанның үздік теннисшісі WTA-2025 қорытынды турниріндегі жеңісі үшін 5,235 миллион доллар (2,747 миллиард теңге) алады. Бұған дейінгі рекордтық жүлде сомасына Карлос Алькарас мен Соболенко US Open жарысында жеткен еді – олардың әрқайсысы 5 миллион доллардан алған.

Финалға жету жолында Елена Аманда Анисимова, Ига Швёнтек, Екатерина Александрова және Джессика Пегуланы жеңіп өтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie