locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Соболенконы жеңіп, 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанды!

Тарихи жеңіс екі сетте
Теннис
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Рыбакина Соболенконы жеңіп, WTA 2025 маусымдық турнирінің жеңімпазы атанды!
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аринa Соболенконы жеңіп, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды!

Қазақстан өкілі Беларусьтен келген қарсыласын екі сетте – 6:3, 7:6 есебімен тізе бүктірді. Қарсыластар кортта 1 сағат 47 минут өткізді.

Алғашқы сетте Қазақстан теннисшісі атақты қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады (6:3). Екінші сетте белорус қызы камбэк жасап, айқын басымдықпен алға шыққанымен, Рыбакина есепті теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6.

Елена финалға жолда Аманда Анисимова, Ига Швёнтек, Екатерина Александрова және Джессика Пегуланы ұтты.

2025 жылғы WTA қорытынды турнирі. Финал

Арина Соболенко [1] – Елена Рыбакина (Қазақстан) [6] – 3:6, 6:7 (0:7)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie