Рыбакинаның Дубайдағы супер турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін қанша ақша тапқаны белгілі болды
Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Бүгін Дубайдағы турнирдің жартылай финал кездесулері өтіп жатыр.
Бұл кезеңде Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина да өнер көрсетті.
Ол 2 сағат 16 минутқа созылған тартысты кездесуде ресейлік Мирра Андрееваға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.
Айта кетейік, 17 жастағы ресейлік теннисші қыз әлемдік рейтингте 14-ші орында орналасқан.
Финалға екінші жолдаманы даниялық Клара Таусон мен чехиялық Каролина Мухова сарапқа салады. Мухова әлемдік рейтингте 17-ші орында болса, Таусон 38-ші орында.
Елена Рыбакина айтулы турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін 181 400 АҚШ долларын алады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.