locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тағы да финалға жете алмады. Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіден жеңілді

Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Тағы да финалға жете алмады. Елена Рыбакина 17 жастағы теннисшіден жеңілді
Фото: gettyimages

Бүгін Дубайдағы WTA-1000 турнирінің жартылай финалдық матчтары өтіп жатыр.

Алғаш болып кортқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен ресейлік Мирра Андреева шықты. Рыбакина әлемдік рейтингте 7-ші позицияда болса, Андреева 14-шы орында.

Бірінші сетте ресейлік теннисші сенімді өнер көрсетіп 4:6 есебімен жеңіп алды. Ал екінші сетте Елена 6:4 есебімен жеңіп, есепті теңестіре алды. Үшінші сетте Андреева сенімді ойнап, турнирдің финалына жолдама алды.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.

WTA-1000 Dubai, 1/2 финал

Елена Рыбакина – Мирра Андреева – 1:2 (4:6, 6:4, 3:6)

Ресейлік теннисшінің келесі қарсыласы К. Таусон (Дания, WTA #38) мен К. Мухова (Чехия #17) жұбының жеңімпазы болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie