Рыбакина өткен маусымда теннис әлеміндегі үздік бестікке енді
Қазақстанның бірінші ракеткасы кортта тамаша өнер көрсетіп, қомақты табысқа қол жеткізді
Теннис
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty images
2025 жылғы теннис маусымы аяқталды, оның қорытындысы бойынша Елена Рыбакина әлемнің үздік бес теннисшісінің қатарына кірді. Қазақстанның бірінші ракеткасы жынысына қарамастан топ-5-ке енгені ерекше атап өтуге тұрарлық.
Белгілі Sportico порталы корттағы табыстары бойынша (демеушілік келісімшарттарды есептемегенде) теннисшілердің топ-15 рейтингін жариялады. Рыбакина таза табысы 8,46 миллион доллармен бесінші орынға тұрақтады.
Бұл соманың басым бөлігін WTA маусымдық финалында жеңіске жеткені үшін алған жүлдеақы құрайды — 5,235 миллион доллар, бұл әйелдер турындағы тарихтағы ең ірі жүлдеақы.