locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Подачаны өзіме қалдырамын». Медведев Алматыдағы жекпе-жек алдында Бубликтің мықты тұстарын атады

Даниил Медведев Александр Бубликтің қандай ойындық қасиеттерін өзіне үлгі еткісі келетінін айтты
Теннис
Фото: ATP

ATP рейтингінде бесінші орында тұрған ресейлік теннисші Даниил Медведев Almaty Open – 2026 турниріндегі жартылай финалдық матч қарсаңында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің ойындық қасиеттерін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу алдында ресейлік спортшы қазақстандық теннисшінің ойынындағы қандай элементтерді өз арсеналына қосқысы келетінін айтты. Медведев Бубликтің техникалық шеберлігіне, стандарттан тыс шешімдеріне және тор маңындағы әрекеттеріне ерекше назар аударды.

«Бубликтен қысқа соққыларды, допты сезінуді және воллеймен ойнауды үйренгім келеді. Меніңше, оның мықты тұстары — осылар. Подачасы да жақсы, бірақ өз подачам маған ұнайды, кейде ол сәтсіздікке ұшыраса да. Сондықтан өз подачамды өзімде қалдырамын», — деді Медведев.

Бұған дейін қазақстандық теннисшіге Андрей Рублёв те осындай комплимент айтқан болатын. Ресейлік спортшы да Бубликтің допты ерекше сезінетінін және күрделі қысқа соққыларды орындау қабілетін атап өткен.

Енді Медведев өзі жоғары бағалаған осы қасиеттерге қарсы алаңға шығуға тиіс. Almaty Open турнирінің жартылай финалында ресейлік теннисші өз алаңындағы жанкүйерлердің қолдауын пайдалануға тырысатын Бубликпен кездеседі.

Еске сала кетейік, Медведев Алматыдағы турнирдің қазіргі чемпионы саналады. Өткен жылы ресейлік теннисші финалда француз Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, титулды иеленген.

Осы маусымда Медведев Теренс Атманды 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ал Бублик ширек финалда Карен Хачановтан басым түсті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie