Рыбакина - Осака. Онлайн көру. LIVE-көрсетілім
7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Елена Рыбакина биылғы US Open турниріндегі ең маңызды матчтарының бірін өткізеді. Төртінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы WTA рейтингінде 13-орында тұрған жапониялық Наоми Осакамен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл матчтың жеңімпазы ширек финалға жолдама алады. Рыбакина үшін бұл ерекше меже: қазақстандық теннисші бұған дейін US Open жарысында ширек финалға шығып көрмеген.
Елена алғашқы үш айналымды сенімді өткізіп, әзірге қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ. Бірінші кезеңде ол америкалық Теа Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кейін Джессика Боусас Манейродан 6:2, 6:4 есебімен басым түссе, үшінші айналымда Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жарыстан шығарды.
Ал Осака турнирде бірнеше тартысты матч өткізіп үлгерді. Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы хардтағы ең қауіпті теннисшілердің бірі саналады және Нью-Йоркте қалай жеңіске жетуді жақсы біледі - жапониялық спортшы US Open турнирін екі рет ұтқан.
Рыбакина мен Осака жақында ғана кездескен еді. Тамыз айында олар Торонто турнирінің ширек финалында ойнады. Сол кезде Осака алғашқы сетті өз пайдасына шешкенімен, Елена матч барысын өзгертіп, 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді қос теннисші тағы да хардта, бұл жолы «Үлкен дулыға» турнирінде жолығады. Жеңімпаз US Open-2026 жарысының ширек финалына өтеді.
Матч Louis Armstrong Stadium кортында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:30-да басталады деп жоспарланған. Рыбакина - Осака матчының тікелей трансляциясы осында қолжетімді.