locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина – Гауфф. Тікелей эфир. LIVE-көрсетілім

US Open-2026 жартылай финалындағы Рыбакина - Гауфф матчын қайдан көруге болады
Рыбакина – Гауфф. Тікелей эфир. LIVE-көрсетілім
ФОТО: Getty images

11 қыркүйекте қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жартылай финалында америкалық Коко Гауффпен кездеседі. Рыбакина мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші турнирді Тея Фродинді 6:3, 6:2 есебімен жеңуден бастады. Одан кейін Рыбакина Джессика Боусас Манейроны – 6:2, 6:4, Юлия Стародубцеваны – 7:6, 6:3 және Наоми Осаканы – 6:1, 6:4 есебімен жарыс жолынан шығарды.

Рыбакина үшін ең қиын сынақ ширек финалда болды. Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньге қарсы кездесуде Елена алғашқы сетте 3:6 есебімен ұтылғанымен, кейін матчтың барысын толық өзгертіп, келесі екі партияны 6:1, 6:4 есебімен өз пайдасына шешті.

Бұл жеңіс Рыбакинаны US Open турнирінің жартылай финалына шығарып қана қоймай, WTA рейтингі жаңарғаннан кейін әлемнің бірінші ракеткасы атануына кепілдік берді.

Коко Гауфф та алғашқы төрт айналымда бірде-бір сет бермеді. Америкалық теннисші Зейнеп Сөнмезді – 6:3, 6:4, Паула Бадосаны – 6:4, 7:6, Кристина Букшаны – 6:3, 6:4 және Ива Йовичті – 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Гауфф үшін басты сынақ ширек финалда болды. Мирра Андрееваға қарсы кездесуде америкалық бірінші сетте жеңіліп, екі матчболды қайтарды. Кейін камбэк жасап, 2:6, 7:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакина мен Гауфф биыл өзара кездесіп үлгерді. Олардың соңғы матчы Торонто турнирінің жартылай финалында өтіп, қазақстандық теннисші 5:7, 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.

Елена Рыбакина – Коко Гауфф матчы 11 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 05:30-да басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын осы жерден көруге болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie