Рыбакина қарсыласына «бублик» жасап, әлемнің 52-ракеткасына қарсы камбэк жасады
Roland Garros турнирінен сенсациялық түрде шыққаннан кейін Елена Рыбакина алғаш рет Лондонда өткен WTA 500 санатындағы жарыста әлемнің 52-ракеткасы Татьяна Марияға қарсы кортқа шықты. Алайда неміс теннисшісіне қарсы матч та оңайға соқпады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Рейтингте төмен тұрған қарсылас Рыбакинаға айтарлықтай қарсылық көрсетті. Бірінші сетте қазақстандық теннисші бес гейм барысында алда болды, тіпті 6:5 есебімен жеңіске жақын тұрғанымен, өз геймдерін де, тай-брейкті де уысынан шығарып алды.
- Сондай-ақ оқыңыз: Елена Рыбакина: өмірбаяны, жеке өмірі және теннисшінің табысы
Екінші сетте енді Мария артықшылық көрсетіп, 5:4 есебімен матчты жеңіспен аяқтауға екі ұпай ғана қалғанда мүмкіндігін жіберіп алды. Дәл осы сәт қазақстандық үшін шешуші кезеңге айналды.
Үшінші сетте Рыбакина толық күш жинап, қарсыласына «бублик» сыйлады — 6:0 есебімен сетте және матчта 2:1 жеңіс, осылайша ол ширек финалға өтті. Енді оны алаң иесі Кэти Бутлер күтіп тұр.
Теннис. Лондон ашық чемпионаты, 1/8 финал
Елена Рыбакина — Татьяна Мария (Германия) — 2:1 (6(4):7, 7:5, 6:0)