Рыбакина Қазақстан теннисінің болашағына қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Әлемнің бірінші ракеткасы әрі «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина спорттық жетістіктеріне Қазақстанның қосқан үлесі туралы айтып, отандық теннисшілердің жас буынының болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
2018 жылдан бері Қазақстан туы астында өнер көрсетіп жүрген Рыбакина Қазақстан теннис федерациясы мен елдің кәсіби мансабының қалыптасуына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.
- Сіз 2018 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келесіз. Біздің туымыздың астында «Үлкен дулыға» турнирлерінің үшеуінде жеңіске жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы атандыңыз. Қазақстан теннис федерациясы мен еліміздің жетістігіңізге қосқан үлесін қаншалықты жоғары бағалайсыз?
- Жүз пайыз деп ойлаймын. Қазақстанға, маған сенгендердің бәріне — отбасыма, жақындарыма және осы жолда маған бағыт-бағдар беріп, бірге жүріп, әлі де менімен жұмыс істеп келе жатқан барша жанға алғысым шексіз.
Әлемнің бірінші ракеткасы отандық теннистің болашағы туралы да пікір білдірді. Спортшының айтуынша, Қазақстанның әлеуеті зор, ал жас теннисшілер арасында халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатын талантты ойыншылар аз емес.
- Жалпы, Қазақстан теннисінің болашағын қалай елестетесіз? Жақын арада Қазақстаннан тағы бір жұлдыз топ-10 қатарына қосылады деп күте аламыз ба?
- Мұны айту қиын. Бізде жыл сайын бәрі болжап болмайтындай өтеді, бірақ әлеует өте зор. Қазір өнер көрсетіп жүрген мықты жас теннисшілер мен жасөспірімдер көп. Сондықтан иә, бұл жақын арада болады деп үміттенемін.
- Ол үшін қазір не істеу керек?
- Меніңше, бұл — уақыт пен, әрине, еңбектің еншісіндегі мәселе.
Осылайша, Рыбакина Қазақстан теннисінің одан әрі дамуына сенім білдіріп, жас спортшылардың жоғары деңгейге жетуі үшін жүйелі жұмыс пен уақыттың маңызын атап өтті.