locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық қарсыласына есе жіберді

Даниял Сабит Азия чемпионы Шодиёржон Меликузиевке төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп, турнир жүлдесінен қағылды
Бокс
Қазақстандық боксшы Ташкентте өтіп жатқан Әлем кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық қарсыласына есе жіберді
@daniyal_sabit

Қазақстандық боксшы Даниял Сабит Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған 2026 жылғы бокс бойынша Әлем кубогының финалдық кезеңінде ширек финалдан аса алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алғашқы жекпе-жегінде Қазақстан құрамасының өкілі жарыс қожайыны, 2024 жылғы Азия чемпионы Шодиёржон Меликузиевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы өзбекстандық боксшыға 5:0 есебімен басымдық берді.

Осылайша, Даниял Сабит турнирді жүлдесіз аяқтады, ал Меликузиев жарыстың жартылай финалына өтіп, кем дегенде қола жүлдені иеленетініне кепілдік алды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының тағы төрт өкілі рингке шығады: Карина Ибрагимова, Шұғыла Налибай, Валерия Аксенова және Өнер Сейлхан. Ибрагимова 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қытай Тайбэйінің өкілі У Ши Имен жұдырықтасады, ал Сейлхан қырғызстандық Алмаз Орозбековпен кездеседі.

Еске салайық, World Boxing-тің 2026 жылғы Әлем кубогының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында 11 спортшы өнер көрсетеді: алты ер және бес әйел боксшы. Ташкенттегі жарысқа барлығы 31 елден 142 боксшы қатысып жатыр.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie