Рыбакина қатысатын US Open турнирінің алғашқы жартылай финалисі анықталды
Беларусь теннисшісі Арина Соболенко 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемнің бірінші ракеткасы чехиялық Линда Носковадан (WTA рейтингінде 6-орын) үш сетте – 7:6 (7:1), 3:6, 7:6 (10:7) есебімен басым түсті. Қарсыластар тартысты кездесуде кортта 2 сағат 22 минут өткізді. Соболенко матч барысында 12 эйс жасап, доп бергенде төрт рет қос қателікке жол берді және тоғыз брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Финалға шығу үшін Арина америкалық жұптың – Джессика Пегула немесе Эмма Наварроның жеңімпазымен кездеседі.
US Open-2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – Соболенко.
Айта кетейік, Елена Рыбакинаның US Open-2026 қорытындысы бойынша мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастауға тамаша мүмкіндігі бар. Ол үшін теннисші турнирдің жартылай финалына шығуы керек. Ол үшін қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңуі қажет.