Португалиядағы драма: Зарина Дияс турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады
Қазақстандық теннисші үш сетке созылған тартысты кездесуде Беларусьтен келген 21 жастағы қарсыласына жол берді
Теннис
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Порту қаласында өтіп жатқан WTA Challenger санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне бір қадам қалғанда жарысты аяқтады.
Іріктеу финалында 31 жастағы спортшы Беларусьтен келген Алена Фалейге үш сетте есе жіберді - 2:6, 6:4, 4:6.
Кездесу 2 сағат 31 минутқа созылып, екі ойыншы үшін де шын мәнінде шыдамдылыққа сынақ болды.
Португалия. Porto Challenger. Әйелдер. Іріктеу кезеңі
Дияс – Фалей – 2:6, 6:4, 4:6
Қазіргі уақытта Дияс Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 262-орында тұр, ал оның қарсыласы Фалей - 306-орында.
2025 жылғы турнирдің жүлде қоры 115 мың АҚШ долларын құрайды.
Рыбакина мен Путинцева рейтингте төмендеді: Уимблдоннан кейін құлдырау.