locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ойнамай-ақ ақша табады: Бублик Қорытынды турнирден қанша табыс табады?

Бублик Қорытынды турнирде алаңға шықпастан-ақ қомақты қаржы табуы мүмкін
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ойнамай-ақ ақша табады: Бублик Қорытынды турнирден қанша табыс табады?
ФОТО: Getty images

Әлемдік теннис қауымдастығы тағы да Александр Бубликке назар аударып отыр. Бұл жолы себеп - ATP Қорытынды турнирінің жүлде қоры. Әлемдік рейтингте 11-орынды иеленген қазақстандық спортшы Туринде алғашқы резерв ойыншысы атанып, қомақты сыйақыны алдын ала қамтамасыз етті.

Алаңға мүлде шықпай-ақ, Бублик 155 000 доллар (81,3 млн теңге) көлеміндегі кепілді төлемді алады. Бұл - кез келген сәтте негізгі ойыншыны алмастыруға дайын тұратын резервистерге беріледі.

Алайда табыс көлемі бұдан да артуы мүмкін. Егер қатысушылардың бірі турнирден шығып қалса және Бублик кем дегенде бір матч өткізсе, оның жүлдесі тағы 165 500 доллар (86,8 млн теңге) көлемінде өседі. Ал екі матчқа қатысқан жағдайда табысы 248 250 доллар (130,3 млн теңгеге) дейін ұлғаяды.

Осылайша, қолайлы жағдай туындаса, Бублик топтық кезеңнен шықпаса да, 211,6 млн теңгеге дейін табыс табуы ықтимал.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie