locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтпеген маусымдық бұрылыс. Бубликтің Қорытынды турнирге қатысу мүмкіндігі туды

Қазақстандық теннисші әлемдік теннистің таңдаулы элитасына бір қадам жақындады
Теннис
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Күтпеген маусымдық бұрылыс. Бубликтің Қорытынды турнирге қатысу мүмкіндігі туды
ФОТО: Getty images

Александр Бублик маусымды ең беделді жарыстардың бірі - ATP қорытынды турнирімен аяқтауы мүмкін. ATP турындағы ақпарат көздеріне сүйенсек, қазақстандық теннисші Туринде өтетін додаға екінші қосалқы ойыншы ретінде шақырту алады және белгілі жағдайларда кортқа шығу мүмкіндігіне ие болады.

Негізгі интрига - Новак Джокович пен Александр Зверевтің жағдайына байланысты. Сербиялық теннисші әзірге қатысатынын растаған жоқ, ал неміс ойыншысының денсаулығында қиындықтар бар. Егер олардың бірі турнирден бас тартса, әлемнің үздік теннисшілері қатарында ойнау мүмкіндігі дәл Бубликке бұйырады.

Бірінші қосалқы ойыншы ретінде Феликс Оже-Альяссим немесе Лоренцо Музетти атануы ықтимал. Итальяндық теннисші Афинадағы турнирде чемпион атанса, Туринге тікелей жолдама алады.

Александр Бублик соңғы матчын 5 қараша күні өткізді. Париждегі «Мастерсте» жартылай финалға дейін жеткеннен кейін ол ATP 250 санатындағы Мец турниріне басты фавориттердің бірі әрі үшінші ракетка ретінде келген болатын. Алайда күтпеген жерден әлемнің 222-нөмірлі ойыншысы, украиналық Виталий Сачкоға үш сет нәтижесінде жол беріп, жарысты ерте аяқтады.

ATP қорытынды турнирі 9-16 қараша аралығында Туринде өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie