locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оған бұл лақап ат тіпті аздап жарасады»: Путинцева Андреева мен Пегула арасындағы жанжал туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші америкалықтың әлемнің екінші ракеткасына қатысты резонанс тудырған сөзін бағалап, өзін дива санай ма, соны айтты
Теннис
«Оған бұл лақап ат тіпті аздап жарасады»: Путинцева Андреева мен Пегула арасындағы жанжал туралы пікір білдірді
Фото: Gettyimages

WTA рейтингінде 63-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA-2026 қорытынды турнирі кезінде америкалық Джессика Пегула мен ресейлік Мирра Андреева арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports24.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан өкілінің пікірінше, америкалық теннисшінің сөзінде ешқандай қорлайтын мән болған жоқ. Оның үстіне, Путинцева Андрееваның эмоцияға берілгіштігі мен ашықтығын ескерсек, «дива» деген лақап ат оған белгілі бір дәрежеде жарасады деп санайды.

- Мирра мен Джессикаға қатысты оқиғаға тур қалай қарады? Бұл мәселе өз араларыңда талқыланды ма?

- Жоқ, бәрі қалыпты болды ғой. Ол оны аса қорлаған жоқ. Қорлайтын сөз болған жоқ. Жай ғана «дива» деді. Оның несі бар? Оны ешқандай қорлаған жоқ қой.

- Мирра — дива ма?

- Мирра өте эмоциялы әрі өзін ашық көрсетеді. Сондықтан бұл лақап ат оған тіпті аздап жарасатын сияқты.

- Ал өзіңді дива санайсың ба?

- Жоқ, мен мүлде дива емеспін.

- Ал онда кімсің?

- Қап, білмеймін, оны басқалар айтсын, - деп жауап берді Путинцева.

Бұл әңгіменің өршуіне WTA-2026 қорытынды турнирі кезіндегі жаттығулардың бірінде болған эпизод себеп болды. Сол кезде әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Джессика Пегула Мирра Андрееваның «өзін дива сияқты ұстайтынын» айтты. Алайда Путинцеваның жауабына қарағанда, қазақстандық теннисші бұл сөзден ресейлікке бағытталған елеулі қорлауды көрмеген.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы маусым 19 жастағы Мирра Андреева үшін табысты болды. Ресейлік теннисші «Ролан Гарроста» чемпион атанып, WTA қорытынды турнирінде жеңіске жетті және жылды әлемдік рейтингтің екінші сатысында аяқтап, көш басын қазақстандық Елена Рыбакинаға берді. Бұған дейін Рыбакина Андреева мен америкалық Коко Гауффты жас ерекшеліктерінің арқасында әлемдік теннистің шыңында әлі ұзақ уақыт қала алатын теннисшілер деп атаған болатын.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie